Танымал кәсіпкерді атып кетті

Өңірге танымал кәсіпкердің отбасына жасалған бұл қарақшылық шабуыл кеше кешкісін болған. Зеленовск ауданына қарасты, Переметное елді-мекеніндегі мына үйде. Беттерін тұмшалаған үшеу ішке терезені сындырып кіріпті.

Евгений Куркула, марқұмның ағасы:

-Басынан екі рет оқ атып, қолымен жоғарыға іліп қойыпты. Соған қарағанда қинап ұрған-ау деймін. Соншалықты өштесетін ешкімі де жоқ еді. Білмейміз, қандай айуандардың жасағанын.        

Қылмыскерлердің көздегені тек кәсіпкер Виталий Куркуланың өзі болса керек, оны дәл минан екі мәрте оқ атып өлтіріпті. Ал келіншегін басынан ұрып, талдырған. Кейін есін жиған Валентина «103» қызметінен өзі көмек сұрап хабар береді. Бірақ ауруханаға жеткенінде ессіз күйге түскен.    

Надия Ахметова, аудандық аурухана директоры:

-Науқасқа қойған диагнозымыз – бас сүйегінің сынуы. Қазір жағдайы өте нашар. Аппаратпен демалып жатыр.

Қазір осы қылмысты тергеу үшін жергілікі полицейлермен қоса Астанадан да арнайы мамандар тобы жеткен. Болжамға қарағанда, бұл ұрлық болмауы да мүмкін. Өйткені үйдегі құнды заттар мен көзге көрінер жерде тұрған 500 мың рубльге қол тимеген.


Махамбет Әбісатов, БҚО ІІД бастығы:

-Үйде ақша жатыр. Терезе алдындағы киімнің қалтасында тұрған. Сондай-ақ, басқа да техника мен құнды заттар алынбаған.

Сондай-ақ, полиция 3 қарақшыдан өзге сыбайластырын күтіп сыртта көлікте тағы береудің отыруы мүмкін екенін айтады. Қазір Переметное ауылына кіріп-шыққаның барлығы қатаң тексеріліп жатыр. Айта кетсек, марқұм Виталий Куркула облысқа танымал кәсіпкер. Тіпті ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін Елбасынан мақтау естіпті. Ал осыдан 3 жыл бұрын әйелі екеуі облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған екен.