«Танымал кәсіпкердің ұлы»: Атбасарда Toyota Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып, қашып кетті

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, адам қағып қашып кеткен жүргізушінің кім екені анықталыпты.

"Жол көлік оқиғасы 8 сәуір күні Атбасар қаласында болған. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі жол бойымен кетіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып, тоқтамастан оқиға орнынан бой тасалайды. Жәбірленуші 47 жастағы әйел сол жерде көз жұмды. Екінші адам ауруханаға жеткізілген", - делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті іздестірілуде.

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, көліктің тізгінінде өңірге танымал кәсіпкердің ұлы отырған.

Оқи отырыңыз:

Той жүргізіп, асаба болуымды өтінетіндер көп. 20 мың доллар сұраймын - Баян Алагөзова
Ерке Есмахан сұхбаттан бас тартатындай жағдайға жеткен
Қыз туа бердің: Шымкенттік намазхан жігіт әйелін 5 баласымен тастап кеткен