Танымал музыкант Максим Фадеев "Salta" әнінің бір бөлігін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Салта. 31.05. Ол енді өлең жолдарында өмір сүрсін!», - деп жазды музыкант.
Желі қолданушылары музыканттың жүрек тебірентетін әніне алғыстарын білдірді.
«Максим, бұл таңқаларлық, сіздің жүрегіңіз кең!»
«Айтбек Амангелді Салтанат жайлы былай деген: Ол дүние жүзіндегі барша әйелдер мен қыздарға көмектескісі келетінін, танымал болғысы келетін, өкінішке орай, осындай жолмен танымал болды. Не үшін оның тағдыры осылай болғанын әр кезде ойлаймын. Ол аман қалып та, зорлық-зомбылықпен күресе алатын еді, және осылай да оны бүкіл әлем танитын еді. Өкінішке орай, өлімінен соң.
«Бұл оқиға барлық елдің басын біріктірді. Әлемде тек татулық, махаббат, достық, бірлік болсын. Біздің заманда бұл өте қымбат құндылық. Рахмет, Максим. Қамқор болған, нұрландырған, жанашырлық танытқан барлық адамдарға рахмет. Барлық зұлымдық, зорлық-зомбылық жойылсын», - деп жазды желі қолданушылары.
Салтанат қыздар қауымы үшін тирандар мен зорлық-зомбылықтан азаттық символына айналды.
Бұған дейін «101» тобының экс-солисі де марқұм Салтанат Нүкенованың құрметіне ән орындаған болатын. Ал қазақстандық виолончелист, музыкант Бағжан Октябрь «Гаухартас» фильмінен музыкалық композиция орындап, марқұмның рухына арнады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде кісі қолынан азапталып өлтірілген әйел туралы ақпарат тарады. Белгілі болғандай, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген. Жарты жылға созылған сот процесінен кейін ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.