Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Белгілі әнші Шахзоданың жұбайы, Өзбекстанның танымал әншісі Лоланың Юлдашеваның әкесі Равшон Жулдасбеков жүрек талмасынан Наурыздың 30-ы күні бақилық болды.
Өзбекстанның Халық әртісі ЮЛДУЗ Усмонова өз инстаграм парақшасында Равшон Жулдасбековтың отбасына қайырып көңіл айтты.
"Мен Равшон Жулдасбековты біраз жылдардан бері танимын. Кім не айтса да Равшон өте жақсы адам болған. "Tarona Records" продюсерлік орталық ашылған кездерде, көптеген жас әншілерге қолдауын аямаған. Көзім куә. Қазіргі жақсы шығып жүрген әншілерге Равшон өте көп көмегін берген. Түбінде бәріміздің баратын жеріміз бір. Ертең не боларын білмейміз. Сыйласып өткенге не жетсін. Равшонның отбасына қайғырып көңіл айтамын" - деді.
Белгілі продюсердің жары Шахзода осыдан бірнеше ай бұрын, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген еді.
"Равшан Жулдасбеков 1998 жылы әйелімен ажырасқан.Ол кездері біз таныс емес едік.Мен онымен 2000 жылы таныстым. Ол алты жыл бойы менің сеніміме кіруге тырысты. Мен ар-намысты, ұятты жоғары қоятын отбасында тәрбиеленген адаммын. Оның да бойынан осы қасиеттерді таптым.Сол үшін ол менің сеніміме ие болды. Кез-келген адам бірінші некеден таба алмаған бақытын екіншісінен тапса мен мұны құптаймын. Равшандағы салмақтылық, барлығын алдын-ала ойлап барып қадам жасау, қасындағы адамға жылы сөйлеу, ер адамға тән қаситеттің басымдығы мені өзіне баурап алды. Ең басты айтатын нәрсе ол – өте жақсы әке. Мен онымен танысқан кезде ажырасқанына қарамай перзенттерін қатты жақсы көретіндігін айтқан.Оның мейірімділігі, балаларына деген шексіз махаббаты мені тәнті етті." - деп жұбайы туралы ағынан жарылған болатын.