Танымал психолог күйеу табу үшін иіскелеу керектігін айтты

Бұл туралы тележеүргізуші Диана Қырықбай Tik tok желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бір иіскейін, бірақ тиіспейін деп неге әнге қосқан? Кез келген ата-анаңыздан сұрасаңыз, олар үйленген кезінде анаңның не мұрынның иісін, не тамағының, не шашының иісіне ынтық болған, ғашық болған. Осы ғашықтық сезім басқа ешбір нәрсені, аяғының қисықтығын, мінезінің ығай-сығайылығын, еш нәрсесін көрсетпеген. Осы ессіз ғашықтықпен үйленеді. Сондықтан әңгімелесіп, танысқаннан көрі үнсіз отырып, иіскелесіңдер. Вальс билеу, бірге отыру, кинотеатрға бірге отыру, сөйлесе берудің қажеті жоқ. Яғни, жігітіңіздің иісі ұнамаса, демек ол сіздің адамыңыз емес, - деді психолог.