Бұрынғы танымал спорташылар Vesti.kz порталының тілшісіне Халықаралық Олимпиада комитетінің Ресей құрамасын 2018 жылы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттеткені туралы шешім туралы пікірімен бөлісті.
Виктор Демьяненко - 1980 жылғы бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:
"Менің есімде 80-жылғы Олимпиада ойындары жақсы сақталып қалды. Өйткені, ол Олимпиада ойындарына капиталистік елдер қатысудан бас тартты. Содан соң біз АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына байкот жарияладық. 1980 жылғы Олимпиада ойындарында көптеген спортшылар бейтарап тудың астында өнер көрсетті. Мұның барлығы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалды. Тек социалистік елдер арасында өтпесін деген оймен. Ол кезде Серік Қонақбаев финалда жалғыз капиталистік елдің спортшысы Патрицио Оливиямен кездесті. Ол кездесуде Серік жеңілген жоқ. Бірақ саяси жағдайларға байланысты жеңісті италиялық боксшыға берді. Мұндай жағдайлар негізі көп болды. Саясаттың спортқа араласқаны дұрыс емес.
Бірақ "таза" спортшылардың бейтарап тудың астында өнер көрсететіні қуантады. Бірақ ресейлік спортшылар өнер көрсетеді ме? Оларға психиологиялық ауыртпашылық артылып отыр. Енді оларға күллі әлемге дәл мұндай жағдайда мықты екенін дәлелдеуі керек. Менің ойымша, олар міндетті түрде Олимпиада қатысу керек. Өйткені, барлығы ұмытылады. Ал жүлде мәңгілік есте қалады".
Людмила Прокашева - конькимен жүгіруден 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:
"Бұл мен үшін - нонсенс. Барлығы мұны саяси ойын деп жатыр. Егер шындығын айтатын болсақ, барлық күйені тек спортшыларға жағып отыр. Басшылармен бұл жағдайды дұрыстап шешуге болатын еді. Спортшылар үшін өкінішті. Спортшы үшін Олимпиада - өміріндегі басты бәсеке. Не үшін ол жаттығу жасады? Спортшының өміріндегі барлық мақсаты - Олимпиадаға барып, жеңіске жету. Спортшыларға бәрібір барып, бейтарап тудың астында өнер көрсетулері керек.
Андрей Вервейкин - трамплиннен секіруден 1992 және 1994 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
"Мұндай жағдай біздің де басымыздан өткен. Мен бейтарап тудың астында да Олимпиада ойындарында өнер көрсеті. Ту мен әнұран жоқ кезде өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мұның барлығы спортшылардың өнер көрсетуіне де кедергі болады. Бірақ біздің жағдайымыз шамалы басқаша болды. Әр спортшы қатысықысы келеді ме, жоқ па өзі шешуі керек деп ойлаймын. Жеке өз басым еліме жүлде алып беру үшін ғана қатысатын едім.
Ольга Шишигина - жеңіл атлетикадан 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы:
"Саяси ойындардың залалы спортқа да тиіп кетті. Көпшілік спорт бейбітшілік пен достықты насихаттайды дейді. Бірақ бұл жағдайда барлығы керісінше болып отыр. Бұл шешім спортшылар үшін қиын болды.
Әнұран мен тусыз өнер көрсету - спортшылар үшін де оңай емес.
Серік Сәпиев - бокстан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы:
"Маған ХОК-тың Ресей құрамасына шығарған жазасы ұнамады. Енді ресейлік спортшылар тек ХОК туының аясында ғана өнер көрсете алады. Спортшыларға міндетті түрде қатысу керек. Қатысып, жүлде алу керек. Өйткені, спортшының карьерасы тым қысқа. Олар төрт жыл бойы мүмкін өздерінің соңғы Олимпиадасына дайындалған шығар. Мен өз басым бейтарап тудың астында өнер көрсететін едім.
Еске салайық, кеше ХОК ресей құрамасының Олимпиада ойындарынан шеттеткенін ресми хабарлаған еді. Бірақ ресейлік спортшылар алды қысқы ойындарда бейтарап тудың астында ғана өнер көрсете алады.