Танымал қазақстандық журналист Александр Новиков қаза болды

Алматыда ұзақ уақытқа созылған науқастан соң 49 жасында белгілі журналист Александр Новиков қаза болды, деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" оның достары.


А.Новиков кезінде республикалық "Ленинская смена" (қазіргі "Экспресс К"), "Фокус" газеттерінде жұмыс істеген, КТК-да "Портрет недели" бағдарламасының жүргізушісі болған.