Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік алғаш рет ана атанды

Қазақстанның танымал шахматшысы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік өміріндегі ең қуанышты жаңалығын жариялады – ол алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қуанышты сәтті желіде бөлісті

Жансая Әбдімәлік бұл жаңалығын Instagram парақшасында хабарлап, жүктілік кезіндегі әсерлі суреттерін жариялады.

«Сен менің жүрегімде болған кезде, мен сені әлі кездестірмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым», – деп жазды шахматшы.

Бұл жазба желі қолданушыларын бірден тәнті етіп, жүздеген құттықтау пікірлер мен жылы лебіздер қалдырылды.

Жас отбасының тарихы