Танымал спортшы Сабина Алтынбекова ақыры тұрмысқа шықты

Бұл туралы оның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Суретке қарағанда жас жұбайлар некелерін мұсылманша қиған.Неке қию рәсімін белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай өткізген көрінеді.

Ал спортшының өзі болса инстаграмдағы парақшасында "Мен осы жылды ең жақсы адамның әйелі ретінде аяқтаймын", деп жазды.Күйеудің кім екені әзірге белгісіз.

Еске салсақ, атақты спортшы Қуат Найман "Қызық times" бағдарламасында  "Сырттай қарап жүрген қыз бар, спортшы, бойы ұзын, әдемі егер екеуіміз қосылсақ мықты-мықты спортшылар өмірге келеді деп ойлаймын. Ол қыз мені біледі, таниды. Бұл тақырыпты кішкене-кішкене сөйлескенбіз. Былай қарап отырсам, ол қыздан басқа мен үйленетін қыз көріп тұрған жоқпын." -
деп ішкі сырымен бөлісіп, әлгі спортшы қыздың Сабина Алтынбекова екенін айтқан болатын.