Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.
Ол спортшылардың діннің құрсауынан құтқару қажет деген пікірмен бөліскен.
"Елдос кеше "Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен" деді. Үндемедік. Себебі ол - чемпион. Ал біздің санамыз атақты мен билігі бар адамды сынай алмайды.
Асланбек жеңіліп қалғанда "Аллаһтың қалауы солай болды" деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім.
Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды.
Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы - халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз.
Бұл — жас спортшыларға жасырын месседж. "Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара.
Ал, спортшы - көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы - көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған.
Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам!
Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы - мемлекет! Жағдай осындай", - деген пікірмен бөлісті қоғам қайраткері.