Танымал тіл маманының суреті отандық сериалда өлген адам ретінде рұқсатсыз пайдаланылған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тасыбековтың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келеңсіз оқиға туралы Тасыбековтың өзі былай деп жазды:

"Ағайын, өтініш, мәтінді оқымай тұрып видеоны қарап шығыңызшы. 

Көрдіңіз бе, қалай?  Біртүрлі сезініп қалады екенсін, ә? Ал осыны көргенде әйел-балаларым қалай ренжігеніңді айтпай ақ қояйын. Ырымы жаман нәрсе ғой...

Бұл туралы былай білдім. Астанада тұратын Қаирбек деген інім бір күні телефон соғып:

— Ағатай, кому вы так насолили в ТРК Казахстан? 

— Да никому я не насолил, а что такое?

— Они вас в кино покойником выставили, не видели что ли? 

(Інім киноның сілтемесін жіберді қарап шықтық отбасымызбен бірге).

Тааак, біраз ойланып хат жаздым телеарнаға (Бауыржан Кушербайұлы мырза, көп-көп рақмет көмегіңізге), бұларың масқара ғой, менен кешірім сұрауды, анау бейнені жоюды, маған моральный ущерб төлеуді талап етем, және жоғарыда қойылған талаптар бойынша, екі жақ мәмілеге келуі үшін, кездесуге дайынмын, деп.

Кеше маған бір әйел хабарласты. Әңгіме былай өрбіді:

— Алло, это Раке? 


— Нет, извините вы ошиблись номером. 

Тұтқаны қоя салайын деп едім, әйел:

— Ой, подождите, я по поводу письма на телеканал звоню.

— Да, я писал письмо на телеканал, но я не Раке, меня зовут Канат Тасибеков.

— А, хорошо, Каке, меня зовут Жанна (фамилиясын айтты), я продюсер и это я снимала для телеканала сериал. Это был мой первый проект, я не понимаю, как случился этот казус. Так вы получается не снимались у нас в сериале?

— Послушайте, я не артист, в вашем сериале я не снимался. Я писатель, и я возмущен и рассчитывал услышать извинения а не вопросы, снимался ли я в вашем сериале Прежде чем звонить вы бы хоть элементарно подготовились, я считаю это неуважением к себе!

дедім де тұтқаны қоя салдым....

Міне осылай ағайын. Телеарнадан әлі жауап жоқ, бірақ біз «Еститін мемлекет» концепцияны қабылдаған жоқпыз ба, телеканал менің өкпеме құлақ асатың шығар деп үміттенем. Осында жазғаным де сол, естісін дегенім ғой", - деп жазды Қанат Тасыбеков.

Бұл жағдайға байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жауап берді:

"Тиісті тапсырма берілді, мән-жайды анықтап, сізге хабарласады. Айып етпеңіз", - деді министр.