Танымал түрік сериалы соңғы үш айда 21 миллион рет қаралған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы TRT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2014 жылы түсірілімі басталған, бес маусым бойы көрсетілген Түркия Телерадио корпорациясының таңдаулы телехикаясы 150-ші бөлімде аяқталды. 

Аяқталғанына бір жыл болғанына қарамастан сериал YouTube және экспорт етілген елдерді әлі де тамашалануда. 

Ағылшын,  урду, араб тілдері секілді 25-тен астам тілге аударылған телехикая түрлі тілдерде 2 миллион 900 мың абонентке жетті.  515 миллион рет тамашаланды. 

Коронавируспен күресіп жатқан әлем енді цифрлық платформаға бет алғандықтан телехикая соңғы 90 күнде 21 миллион 200 мың рет қаралды. 


Телехикая Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның нұсқауымен елдің мемлекеттік теледидарында рамазан айының бірінші күнінен бастап қайта көрсетілуде.