Ол құзырлы органдардан қыздың өміріне араша түсуді сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Белгілі журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Бір күйеуден туған балаларыңды көзін жәутеңдетіп екінші күйеуге апармаңдаршы. Жақын туысыңа тастап кет не детдомға өткіз! Не өмір мынау?! Қайран қор болған балалық», - деп жазды ол.
Ал қыздың өзі ондағы видеода балалық шағының қалай өткенін айтып берген.
«Мен бір нәрсе десем ұра береді, ал мама келсе, ол кісінің көзінше ештеңе демейді, түк болмағансып жүре береді. Аты Исахан, фамилиясын білмеймін. Қазіргі тұрып жатқан көке өте жақсы кісі, ол кісі момын кісі. Көбінесе мен қашып кетемін, үйде болмаймын, балалармен, қыздармен ойнап кетемін. Көкелерді көргім келмейді, маманың келетін уақытын білемін, сол кезде ғана үйге келемін», - дейді ол.
Ал журналистің: «Полицияны көрдің бе, неге хабарласпадың?» деген сұрағына бойжеткен былай деп жауап берді:
«Тек ағама ғана көмектесіңізші деп сұрадым, ол кісі тырысты, бірақ қолынан ештеңе келмеді. Ол кісі мамамның інісі, анам қаңғып, ішіп жүріп, құжатын жоғалтқан. Мен Шиеліде немесе перзентханада туған шығармын, анам солай дейді, анам 80 жылғы», - дейді бойжеткен.
Гүлмира Әбіқай енді істі соңына дейін жеткізіп, бойжеткен құжат алуға жәрдемдесетінін жеткізді.