Танымал журналист пен белгілі блогердің әбүйірін жастықпен қымтау әрекеті қызу талқыға түсті

Бағдарламасы мен өзіне көпшілік назарын аударту үшін ойына келгеннің бәрін жасайтын тележүргізуші Дина Төлепберген енді жалаңаш тәніне жастық байлау челленджіне атсалысып отыр. Ол әрекетке «ең ұзын блогер» атанған PR жасаудың хас шебері Әлішер Елікбаев та «үн қосып» қойды, деп жазады Caravan.kz  порталы Skifnews.kz-ғп сілтеме жасап. 

«Суретке түстім. Күйеуіме жолдадым. Күлдік. Таңертең тұрсам, бүкіл әлеуметтік желі шулап жатыр. Қызметтік тергеу басталыпты. Меніңше, тура осы сценарий Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасарымен болған. Оның шу болған суретін біреудің қасақана жариялағаны анық.

Ал фотоға анықтап қарасақ, кәдімгі қарапайым, жатын бөлме. Құқық қорғау қызметкерінің халықтың ақшасымен баспанасын алтын жалатпағаны анық. Бұрышта кішкентай қорап. Онда ойыншықтар. Соған қарағанда, ол да біреудің әкесі.

Карантин кезінде полицейлерге оңай емес. «Неге көшеде себепсіз жүрсіз?» деген сұрағын көтере алмай, жұдырық ала жүгірген тұрғын қаншама. Шын мәніне келсек, олар өзін емес, Сіздің қауіпсіздігіңізді ойлап жатыр емес пе?!» - деген Дина Төлепберген, «сүйкімсіз суретке» сол полиция қызметкерін қолдау үшін түскенін алға тартты.

Полицей өзінің туысы да, танысы да емес екенін ескерткен тележүргізуші, тіпті, «Формасын шешіп, денесін жастықпен жапқанынан ешқандай сорақылық көріп тұрғаным жоқ. Ал ұлыма анасының жаңа көйлегі ұнағандай» деп жазды
Instagram парақшасына
. Әрине, жартылай жалаңаш тәніне қарап тұрған баласының суретін қоса жариялауды да құп көрген.

Тағы оқи отырыңыз: Желіде лауазымды кісінің кеудесіне жастық жауып түскен суреті тарап жатыр (ФОТО)

Сол сияқты, блогер Әлішер Елікбаевтың сылқымдарша бір өкшесін көтеріп түскен суретін әріптесіміз Серік Абас-шах өзінің facebook парақшасына салды.

«АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ: Әлішер Елікбаев неге сол жақ өкшесін көтеріп тұр?

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
1. Жіберейін деп тұр;
2. Уже жіберді;
3. Амалсыз жіберді;
4. Артындағы шиқанның әсері;
5. Нұрлан Смағұлов «осылай түс» деп айтты;
6. ...сіздің нұсқаңыз?» деп жазды ол. Алтыншы нұсқаны әркім өзінше топшылай жатар, ал желі оқырмандарына бұл екі әрекет те ерсі көрінуде.