Қаралы хабарды әлеуметтік желі арқылы Рауан Оқас хабарлады.
«Журналист ағамыз Рахат Мамырбектен айырылдык.... Иманды болсын!»,- депті ол өз жазбасында.
Рахат Мамырбек «Қазақстан» ұлттық арнасында «Күлтөбе» бағдарламасын жүргізіп, елдік, саяси, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қозғады. Кейін КТК арнасында «Алаң жұрт» бағдарламасын тізгіндеді. Танымал журналист одан кейін де бірқатар телеарналарда жемісті еңбек етті.Өмірінің соңғы кездерінде "Азаттық" радиосында жұмыс істеп жүрген болатын.