Танысын тонағаны үшін оралдық тұрғынның мүлкі тәркіленіп, өзі үш жылға сотталды

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушы биылғы қыркүйекте өзіне таныс әйелді пышақпен қорқытып, алтын алқасын жұлып алған. Сосын ұрланған бұйыммен оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.