Тапа-тал түсте Республика алаңында жол-көлік апаты орын алды

Джип көлігінің жүргізушісі тежегішке ие бола алмаған сыңайлы. Көліктің қандай жылдамдықпен жүргені анықталуда.

Белгілі болғандай, джип екі бағанды құлатып, дуалға барып соғылған.   

Жол-көлік апаты болған жерге жол полициясы келіп жетті. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Сол жерде болған куәгерлердің айтуынша, жол көлік апатынан ешкім зардап шекпеген сыңайлы.