Тапсырыс бойынша түсірілген қазақстандық телехабарлардың сценарийлері тексерілуде

"Біз қазір авторлық ұжымдармен, мәдениет министрлігімен, байланыс және ақпарат агенттігімен жұмыс істеп отырмыз. Таралатын хабарлардың мазмұнына сенімді болу үшін, материалды бізге жолдауды ұсынамыз", деді дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ерлан Әбдақасов журналистерге сейсенбіде Астанада.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше деректі және көркемсуретті фильм ғылыми-әдістемелік кеңес сарапшыларының қарауында.