Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Жиырма жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Жанар Абдраимова суррогат ана боламын деп Алматы қаласына келген. Жарнама арқылы көріп келіп, тапсырыс беруші отбасымен он күн бір үйде тұрған. Алайда келісім бойынша Жанарға ешқандай ақы төлемеген, керісінше үйінде қамап ұстап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
Жиырма жастағы Жанарды эко арқылы бала туып бересің деп сендіріп, елу жеті жастағы ер азамат он күн төсек қатынас жасаған. Жалған жарнамаға сеніп қалған тек Жанар ғана емес қасында Назерке есімді Тараз қаласының тұрғыны болған.
Жанар Абдраимова: " Мен бұл іске балам үшін бардым. Бір жарым жасқа толған Асылжан есімді балам бар, ажырасқанмын. Жағдайым нашар. Тапсырыс берушілер маған бала туып бергенім үшін айына 70 мың теңгеден беріп отыруы керек болған. Ал бала туып берген соң 3 миллион теңге береміз деген. Мен сол ақшаға үй алып мен, әжем, балам үшеуіміз тұрамыз, аяққа тұрып әрі қарай жұмыс жасаймын деп ойладым. Маған қазір бұрынғы күйеуім көмектеспейді. Күнделікті тапқан ақшам күн көрісімізге жетпейді. Тек осы мақсатпен, суррогат ана боламын деп шешім қабылдаған болатынмын. Алайда бұның бәрі өтірік, олар осылай қыздарды алдап, қорлық көрсетіп, бала тудырып жұлынын сатып жүрген адамдар ұқсайды. Менің қателігімді басқа қыздар қайталамасын деп мен ашық айтып отырмын. Жәбірлеген адамдар өз жазасын алуларын қалаймын. Ақша да керек емес, бұл мәселе осылай жалғасын тапқанын қаламаймын"- дейді.
Желі
қолданушылары: "Жиырма жастағы қыз ғой алданып қалған"," Өмірі алда, бәрі жақсы болады", "не болса соған сене береді ме екен? Қызық адамдар"," бірінші неге толық келісім шартқа отырып алмадың", "қазір алаяқтар көп, сақ болу керек"," Алла сақтасын"- деген пікірлер жазуда.