«Тараз» клубы өз алаңында алматылық «Қайраттан» басым түсті

Ойын кеше, 8 маусым күні Тараздың орталық стадионында нөсер жауынның астында өтті.

Тараздықтар соққан жалғыз голдың авторы - сенегалдық легионер Абдулай Диакате. Алаң иелері қарсыластарының қақпасын бағындыруға бірнеше мүмкіндік алғанымен, Неманья Йовановича пен Роман Пахолюк доптары нысанадан қиыс кетті.

Ал қонақтар жақтан Мұрат Сүюмағамбетов өз мүмкіндігін жіберіп алды.