Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді


Тараз қалалық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оған 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.

"Биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Антикор хабарламасында.