Календеров Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған, жоғары білімді (Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі технологиялық институты, мамандығы халықаралық экономикалық қатынастар).
Еңбек жолын ол 1977 жылы «Арнабол» ЖШС-де есепші болып бастаған. Зейнетақы төлеу бойынша облыстық мемлекеттік орталықта, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында істеген.
2005-2011 жылдар аралығында - бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып қызмет істеді. 2011-2013 жылдары - Жамбыл ауданының әкімі болды. 2013 жылдың маусымынан Қордай ауданының әкімі болып қызмет етті.