Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды


Бұл туралы Sn.kz жазады.

Бұған дейінгі қала әкімі Нұржан Календаров болса облыс әкімдігінің аппаратын басқармақ. Ол Таразға 2013 жылдың 31 желтоқсанында әкім боп тағайындалған еді.

Нұржан Сәбитұлы өзінің еңбек жолын 1997 жылы "Арнабол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтер қызметінен бастаған. Жамбыл облыстық әкімдігіне қатардағы маман болып қызметке орналасқаннан кейін тасы өрге домалап, Қордай, Жамбыл аудандарында әкім болды.