Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқын кептірілген қарақурайды 40 қапқа салып, құпия қоймада сақтамақшы болған. 27 жастағы күдікті бұл есірткіні сату арқылы 10 млн. теңге табуды көздесе керек, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары сонымен бірге одан бау-бақша баптауға арналған құрал-жабдықтар тәркіледі.
Қазір тұтқын уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.