Тараз - Шымкент тас жолын тазалау жұмыстары жалғасуда

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Шақпақ асуында 200-ге жуық автокөлік "қар тұтқынында" қалған. Олар негізінен жүк көліктері мен автобустар болғандықтан қар тазалау жұмыстарын қиындатып отыр.

26-желтоқсан күні Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Шақпақ асуына дейін қатынас қамтамасыз етілген еді. Ол жерде 1 шақырым ғана жолды тазалау қалған болатын. Қазіргі уақытта осы жерде қарды тесіп өту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

"Бір тәулік бойы Жамбыл облысының әкімшілігімен бірлесе отырып "Қазақавтожол" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының күшімен көлік құралдарын өткізетін қар тазалау техникасы жұмыс істеген. Бұл жерде 3 шнекоротор, 2 автогрейдер және өзге де қар тазалайтын барлығы 30 машина жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып 4 БТР, 1 бульдозер, 1 автогрейдер іске қосылған. "Қазақавтожол" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының Алматы, Қызылорда облыстық бөлімшелерінен тахника тартылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ауа температурасының Цельсий бағанасы бойынша 30-35 градусқа дейін күрт өмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында 25-інен 26-сына қараған түні дизельді отынмен жүретін және бағыттық автобустардың қозғалысы шектетілген.