Тараз тұрғындары "Джентльмены удачи" фильмінің кейіпкерлерінің тағдырына алаңдаулы


Доцент, Косой, Василий Алибабаевич және түйе Васяға арналған ескерткіш мүсіндер 2006 жылы «Шахристан» орталық қалалық базар аумағына оның қожайындарының ақшасына салынған болатын, бірақ дүйсенбіде базар көшірілетініне байланысты жабылды, дейді «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

Қала билігі «Джентельмены удачи» мүсіндік композициясы қалаға тапсырылады деген үмітте.

«Ескерткішті ешкім бұзғалы отырған жоқ. Ол «Шахристан» базарының иелеріне тиесілі, сондықтан оның кейінгі тағдыры солардың қолында. Егер ескерткішті қалаға өткізіп берсе, түрлі ұсыныстарды қарауға болады, оның ішінде «джентельмендерді» вокзал маңындағы алаңдарға немесе әуежай маңынад орналастыру туралы журналистердің де ұсыныстары бар», - деп  қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.