Тараз университетінде студенттерге есірткі сатқан

Департаменттегілердің хабарлауынша, оларға ТарМУ-де есірткі сатады деген ақпарат келген. Жедел шаралардың нәтижесінде үш ер адам университет ғимаратының жертөлесінде 216 грамм марихуана сатып жатқан кезде құрықталды. Олардың екеуі әкімшілік-шаруашылық бөлімнің қызметкері болса, үшіншісі - осы оқу ордасының бұрынғы күзетшісі. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы алғанда жыл басынан бергі екі айда Жамбыл облыстық есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен жеті адамды, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың екі белсенді мүшесін қолға түсірді. Төрт килограмнан астам героин мен 200 грамнан астам марихуана тәркіледі.