Бұл туралы сейсенбі күні ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Комитет хабарламасына сүйенсек, автобус Алматы-Бішкек тас жолының 59-шы шақырымында орналасқан «Рубеж-Ақтерек» бекетінде тоқтатылған.
«Тексеру барысында автобустың жүк қоятын бөлімінен скотчпен оралған 3 коробка табылды. Олардың ішіндегі есірткінің жалпы салмағы 95 келі 977 грамға жетіп жығылады», - делінген хабарламада.
Автобуста билет кесуші болып жұмыс істейтін 27 жастағы азаматтың айтуынша, жүкті көлікке Жамбыл облысы Қордай ауданының Сарыбәди ауылында бейтаныс ер адам салған көрінеді. Ол Алматыға жеткізіп берсең 10 мың теңге төлеймін деп уәде берген көрінеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Билет кесуші қолхат негізінде босатылды.