Тараз-Алматы тас жолында оңтүстік астанаға бет түзеген 4 кило героин ұсталды

Есірткі тасымалдаушының автокөлігі Алматыдан 55 шақырымдағы "Ростов" бақылау бөлімшесінде ұсталды. Есірткіні ІІББ кинологиялық қызметінің Нора атты иісшіл иті тауып алды. Есірткі көліктің артқы есігінің қаптамасының астына жасырылыпты.

Полицияның ақпаратына сәйкес, тұтқын бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Оның айтуынша, әлдекімдер одан жүкті Алматыдан Таразға 1000 долларға жеткізіп беруді өтінген-міс. Жасырылған нәрсенің не екенін білмедім дейді ол.
Қазір есірткі тасымалдаушы қамауға алынып, есірткі сараптамаға жіберілді.