Студенттің ата-анасы үйде ешқандай ұрыс-керістің болмағанын айтады. Бүгінге дейін жатпай-тұрмай өздері іздеген әке-шешесі тәртіп сақшыларына енді ғана хабар беріп отыр. Жігіттің тәртібі түзу, бұрын-соңды бұзақылығымен көзге түспеген дейді жақындары. Себепсіз үйден кеткен кездері де болмапты. Қазір әлеуметтік желі арқылы хабарламалар таратылуда. Ал бүгін іздеушілер қатарына еріктілер қосылды.
Людмила Прокопенко, В.Прокопенконың анасы:
-Үйден көңілді шыққан. Балалардың үлкені болғандықтан, өзінен кейінгілеріне қамқор еді. Көп балалы отбасымыз сондықтан бізге көмек бергісі келетін. Өтінемін, хабар болса айтыңыздаршы.
Loading...