Осыдан бес күн бұрын, «Жерұйық» мейрамханасында 80 адамға дастархан жайылып, 1 жасқа толу тойы болған екен. Келушілердің жартысынан көбі сол кештен кейін сырқаттаныпты. Ал, дәмхана басшылығы қандай да бір түсініктеме беруге асығар емес. Тіпті есігіне қара құлып іліп қойған. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында екі науқас қана жатыр. Өзгелері үйлерінде емделуде.
Балхаш Жұмабеков, Тараз қаласының тұрғыны:
- Жалғыз біз екен деп ойладық. Үйдегілер деп. Сөйтсек көршілеріміздің барлығы жатып қалыпты. Оны ертеңіне. Міне 9 күні шақырдым, 10-күні щақырдым жедел жәрдемді. 10 күні келгенде дәрігер айтты. Сіздерде Жерұйықта болдыңыздар ма деп? Жер ұйықта болғандардың барлығы жатыр Қарасу көшесінде деді.