Қас қағым сәтте жүздеген қызметкер тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. Шарпыған жалынның лезде күш алғаны сонша, адамдардың көбі тысқа шығып үлгермеген. Қамауда қалып қойғандары терезенің темір торын қиратып жанталасса, кейбірі биіктікке қарамай жерге қарғып жатыр. Ғимараттың сырты тез жанғыш материалмен қапталған екен. Сондықтан төтенше жағдай қызметі өртті ауыздықтай алмай әуреге түсті. Оқыс оқиғадан жалпы саны ондаған адам жапа шекті. Екеуінің денесін күйік шалса, 4 адам улы түтінді жұтып, ауруханаға түсті. Оның біреуі полиция қызметкері. Әзірге электр сымдарының тұйықталуынан от тұтанған деген болжам бар. Бірақ, куәгерлер екінші қабатта жойқын жарылыстың болғанын айтып отыр.
Loading...