Таразда әлеуметтік дүкендер ашылды

«Стационарлық павильондар үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тағамның 33 түрін төмен бағаға сатады», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, сауда нүктелері азық-түліктің басқа түрлерін де арзан бағамен сатады.
«Алдағы уақытта тағы осындай сегіз нысан ашу көзделіп отыр. Павильондардың қожайыны - «Тараз» сауда-сатып алу компаниясы азық-түлік нарығындағы бағаны осылайша реттемек», - делінген хабарламада.
Тараз қаласы тұрғындарының саны 335 мыңға жуықтайды.