Таразда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі қайта жанданды

Өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында болған баға қымбаттауы әр жексенбі сайын орталық алаңда өтетін жәрмеңкенің атын қала тұрғындары арасында мәшһүр етті. Олыстың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мұнда өз тауарларын нарықтық бағадан арзан ұсынады. "Бағаның арзан болу себебі мұнда өндірушілер өз тауарларын делдалдарсыз сатады", - деп түсіндірді әкімшіліктегілер.

Жәрмеңкедегі баға мынандай: қой, шошқа және сиыр еттерінің әрбір килограммы 500 теңгеден, жылқы еті - 700, май - 400, шұжық - 320-620, картоп - 35, бал - 500. бір литр сүт 70 теңгеден, ал нан 45 теңгеден сатылуда. Ал бұдан өзге сауда орындарында азық-түлік бағасы 8-10 пайызға қымбат.

Бұрын жәрмеңкелер күз-қыс мезгілдерінде өткізіліп келген. Алайда, биылғы жылдың басында қақаған қаңтар келісімен тоқтатылып, күн жыли бастасымен олар қайта қалпына келтірілді, деп атап көрсетті әкімшіліктегілер.

Әкімшілік мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жәрмеңкеде Сарысу, Талас, Мойынқұм және Шу аудандарының кәсіпкерлері көш бастап келеді.

Әкімшілік хабарлағандай, түске дейін барлық әкелінген өнім әдеттегідей сатылып кеткен. Бір күннің ішінде орта есеппен алғанда Талас ауданынан 700 мың теңгенің, Сарысу ауданынан 1 млн теңгенің, Шу ауданынан 1 млн 300 мың теңгенің өнімі сатылады.