Таразда балалар ойнап жүріп алты жастағы баланы өртеп жіберді

Таразда балалар алты жастағы баланы өртеп жіберді. Бала ІІ және ІІІ деңгейлі күйікпен (денесінің 18 пайызы) ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Today.kz ZhambylNews сайтына сілтеме жасап. 

"Анықталмаған жағдайда тез жанатын сұйықтықпен ойнап жатқан кезде балалар алты жастағы баланы өртеп жіберген", – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Бала екінші қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы орташа ауыр деп отыр.