Таразда дарынды балаларға арналған мектепте үш тілге оқыту қорытындысы шығарылды

2007 - 2008 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі арнаулы мектепте қалатын оқушылар мен басқа мектептерге ауысуға мәжбүр болатын оқушылар туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде оқу есебі "4" пен "5" болған 564 оқушы осында қалып, ойдағыдай табысқа жете алмаған 181 оқушы қаладағы басқа мектептерге ауысатын болды. Соңғыларының ата-аналары онымен келіспейді, олар шешімді әділетсіз деп бағалап, наразылық білдіруде.