Таразда дүлей дауылдан талдар құлап, ғимараттар бүлінді

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Сондай-ақ, қалада электр желілері үзілген. Соның салдарынан көп жерлер жарықсыз қалып, көше шамдары сөнді. Кей жерлерде бағдаршам істемей қалып, көлік кептелістері пайда болды.

Жаңа тұрғын үйлердің бірінің және Тараз мемлекеттік университеті технологиялық корпусының шатыры жұлынды.

"Жарықсыз қалған абоненттердің саны анықталуда. Ғимараттардың ұшқан шатырларының жалпы көлемі - шамамен 2000 шаршы метр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп хабарлады кеше ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 


Оның айтуынша, 3 адам жарақат алып, қалалық ауруханаға түскен. 

Аталған облыстың Байзақ ауданында 20-дан астам электр бағанасы құлап, 22 елді мекен жарықсыз қалды. Ал Жамбыл ауданындағы бағаналардың құлауы салдарынан үш елді мекен электр қуатынан ажырады.