Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздегі үздік балуандар қатысады. Алдын ала мәлімет бойынша, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров бастаған спортшылар Тараз кілемінде бақ сынайды. 

Турнирге қатысуы мүмкін спортшылар қатарында еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. 

Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамисо да жарысқа  қатыспақ. 

Айта кетелік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған болатын.