«Еуразия барысы» халықаралық турниріне жалпы саны 12 команда қатыспақ. Биыл қатарға қырғыз, украин, грузин және өзбек палуандары қосылыпты. Құрлықтық бәсекеде 60 спортшы бес салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Сарапшылар қазақ құрамасы үшін Моңғолия, Өзбекстан және Ресей палуандары қиындық тудырады дейді. Жұрт, әсіресе, 200 келіге жуық моңғол алыбыСұңғаржарғал Болдпур мен Айбек Нұғымаровтың арасындағы тартысты асыға күтуде. «Өткен жылы Бейбіт Ыстыбаев аяғын аспаннан келтірген палуанға Айбектің қауқары жете ме?» деген сұрақ әркімнің көкейінде. Бейбіт биылғы додаға қатыспайды. Қазақ күресі Федерациясы дайындығы төмен деп, оны құрамаға алмауды ұйғарған. Ал турнирдің жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.
Марат Жақыт, Қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы:
-Дайындығы біздің палуандардың жаман емес. Былтырғы межеден шықсақ деп ойлаймыз. Былтыр моңғол құрамасымен ақтық айқаста кездескенбіз. Биыл да мүмкін сол командамен кезігіп қалатын шығармыз.