Таразда фонтаннан ыстық су атқылады

Мәліметтерге қарағанда құбырды жөндеу кезінде үлкен тесік пайда болып, ыстық су сол жерден атқылаған. Қатты екпінмен аққан су әп-сәтте төңіректі көлге айналдырды. Құдай сақтағанда, ыстық суға күйіп қалғандар жоқ. Ал, көп ұзамай бүлінген құбыр қайта қалпына келтірілді. 

Loading...