Полиция инспекторы мектеп директорының орынбасарымен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ZTB парақшасына сілтеме жасап.
Көршілерден сұрағаннан кейін кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болды. Олар үйдің ауласына кіріп, терезеден баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрген. Полицей ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірген. Иіс сезген ол бірден газды жауып, терезелерді ашады.
Полиция қызметкері 58 жастағы отағасын, оның 47 жастағы әйелін, 12 және 10 жастағы қыздарын, сондай-ақ 8 жасар ұлын далаға шығарған.
Дәрігерлердің айтуынша, егер оларға көмек сәл кешiккенде, ешкімді құтқару мүмкін болмас еді.
Loading...