Таразда кәсіпкер жүздеген тұрғынды жылусыз қалдырды

-Үйде жылу жоқ.Елдің бәріне 20-күні қосқан. Кәсіпкер астын жалға алған еді. Сол жүйені жөндеп, кейін қоспай кетті. Содан бері жылу жоқ міне мұздай. Тоқ пеш қосамыз.

Екі жылдан бері дауға ұласқан жертөленің жыры кәсіпкердің пайдасына шешілсе керек. Жұрттың қарсылығына қарамастан, ол осында шеберхана ашқан. Онсыз да қабырғасының қаланғанына жарты ғасырдан асқан үйдің ірге тасы бұзылып, құлау қаупі қылаң берді дейді тұрғындар. Бірақ жертөле қожайыны бұған бас ауыртып отырған жоқ. Керісінше кеңейту мақсатында жертөлені қазып, тіпті жылу жүйесін жүргізіпті. Осы заңсыздығы үшін көпқабатты үй жылудан ажыратылған. Не істерін білмей дал болған бұқара енді бизнесменді сотқа сүйреп әлек. Ал, қалталы кісінің өзінен жағдайдың жай-жапсарын білу мүмкін болмады.


-Енді мына жері толықтай алынды. Жер сілкінсе 48 адам үйсіз қалады. Қазір қар жауды әлі жылу жоқ.