Таразда келіншекті қағып өлтірген велосипедші өз еркімен полицияға берілді

Сандуғаш Тұяқбаеваны шаһардың орталық көшесіндегі тратуар үстінде велосипедші қағып кеткен болатын. Қатты соққы алған 3 балалы әйел ауруханада көз жұмды. Полицейлердің айтуынша, велосипедтегі бойжеткен келіншектің қаза болғанын естімепті. Тіпті оқиға орнынан да қашпадым деп ақталған. Абыр-сабырда оған ешкім мән бермегесін өз жөнімен кетсе керек. Ал, кешегі жаңалықта оны іздеп жатыр дегесін бүгін өз еркімен келген. Студентке қатысты абайсызда кісі өлімі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Loading...