Таразда мектеп ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түсті

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 15 мамырда 11 сағат 00 минутта Тараз қаласының ішкі істер департаментіне мектеп ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабар келіп түсті.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады".