Жол апаты облыс орталығындағы "Путепровод" деп аталатын автобус аялдамасының маңында болған. "КамАЗ" автокөлігі "Тойота" микроавтобусымен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан микроавтобустың жүргізушісі мен оның бес жолаушысы ауруханаға түсті. 40-45 жастар шамасындағы белгісіз бір жолаушы оқиға орнында мерт болды.