Таразда миллиондап теңге басқан астыртын цех әшкереленді


Ақша жасаудың шеберлері құзырлы орын өкілдері пәтерге басып кіреді деп ойламаса керек, құрал жабдықтары мен жалған теңгелерін жасырып үлгермеген. Әзірге, нақты қанша соманың айналымға түсіп кеткені белгісіз. Өйткені бұл кәсіппен олар ұзақ жылдан бері айналысып келген. Кәдімгі түрлі-түсті принтермен жасалса да, теңгені түпнұсқасынан айыру қиын. Мамандар алаяқтар ақша жасауда сирек кездесетін, сапасы жоғары қағазды қолданған деп отыр.