Полицияқызметкерлерінің пайымдауынша, әйел адам қалалықтарға "Метрокомбанк" АҚ несие ұсынған. Алайда, әйел ол жерде жұмыс істемеген. Ол өзін Оля деп таныстырып, делдалдық қызмет көрсеткені үшін ірі көлемдегі ақша алып отырған. Содан кейін алданған адамдар банкке келіп, несие берілуін талап еткен.
Қазіргі уақытта қамауға алынған әйел өзі жалғыз 11 жастағы қызын асырап отыруы себепті ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп қамаудан шығарылған.