Таразда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті

Бұл туралы облыстық футбол федерациясынан хабарлады.

Тараздың орталық стадионында өткен турнирге Алматы және Жамбыл облыстарының үш командасы қатысты.

Алматы қаласының журналистері мен тараздық баспасөз өкілдерінің құрамасы арасында өткен бірінші матч 1:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Екінші матчта алматылықтар республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілер құрамасымен ойнап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Және соңғы ойында Алматы журналистері Жамбыл облысындағы меншікті тілшілермен ойнап, жеңіске жетті.

Алматылық журналистерге облыс әкімінің кубогын облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков табыс етті.