Таразда оқушы үшін мектеп директоры жазаланды

Бейсенбіде Тараздағы мектептің бірінде сабақ үстінде улы газ тарап, 50-ге тарта оқушы мен мұғалімдер ауруханаға түскен еді. Оның екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Кейін улы газды шашқан сол мектеп оқушысының бірі екені анықталды. 17 жастағы бұзақы қателігін мойындап, полицияға «жай қалжындамақ болдым» деп түсінік беріп отыр. Бірақ қандай газдың шашылғаны білгісіз. Өйткені жеткіншек ісін тындырған соң, баллонды лақтырып жіберіпті. Тек науқастардың ауру белгілеріне қарап мамандар газдың құрамында ащы бұрыш болуы мүмкін екенін айтуда. Осы оқыс оқиғаға қатысты білім ордасының басшысы ғана емес, сондай-ақ оның қос орынбасары да қатаң сөгіс алды.


Нұржан Қалендеров, Тараз қаласының әкімі:

- Оқу процесі бүгін сағат 2-де  қайта басталды. Қазір таңда қалыпты оқу жүріп жатыр. Ең бастысы балаларымыздың барлығы аман. Күдікті ретінде 11 сыныпты оқушысымен полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Былайша айтқан кезде балалық жасады.