ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің (22 адам мен 4 техника) күшімен 09.38-де толығымен сөндірілді. 5 адам құтқарылды, 13-і қауіпсіз аумаққа көшірілді. Өрт салдарынан қонақ үйдің 62 жастағы келушісі көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.